Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданы мен қаласына Алтай атауы берілді.
Қыркүйек айының 28-і күні Зырян аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық ұйым мүшелері аудан мен қала атауын Алтай деп өзгертуге байланысты арнайы отырыс өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым мүшелері Зырян ауданы мен қаласына Алтай атауын беруді қолдап дауыс берді.
Зырян елді-мекені ең алғаш 1791 жылы құрылған. 1941 жылдың 17 қаңтарында Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің жарлығы бойынша Зырянға қала мәртебесі берілген. Қазіргі таңда шаһарда 39 мың адам тұрады.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды