Британиялық полицияның контртеррорлық бөлімшесі РФ Барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальдың Солсберидегі улану ісіне қатысы бар үшінші күдіктінің шығу тегін анықтады, - деп жазады The Telegraph.
Белгілі болғандай, үшінші күдікті — ресейлік әскери барлауының агенті. Алайда, оның аты-жөні ашық жарияланбады. Оның Новичок жүйке-сал заттегі Британия еліне жеткізілмес бұрынғы шабуылды жоспарлауға көмектескені хабарланған. «Ресей Барлау ұйымының агенті Солсбериге екі әріптесі Ұлыбританияға улаушы заттекті жеткізбес бұрын келген», - деп жазады басылым.
Еске салайық, 2018 4 наурызда РФ бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипаль британиялық Солсбери қаласында «Новичок» атты жүйке-сал ауруын тудырушы заттекпен уланған еді. Ұлыбритания үкіметі аталған заттектің Ресейде жасалғанын мәлімдегенмен, Кремль бұл айыптауды жоққа шығарып келді. Сонымен қатар, осыған дейін аталған іске қатысы бар екі күдікті ұсталған болатын.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі