Ресей, Түркия және Иран елдерінің Сүрияның Идлиб қаласындағы қарусыздандырылған аймақтағы ортақ қимылдары нәтиже бере бастады. Идлибтегі террористер жедел түрде аймақты тастап кетіп, шамамен 50-60 мың сүриялық үйлеріне оралуға ниетті. Бұл туралы yeniakit.com.tr Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Р.Т.Ердоғанның Сочиде өткен келіссөздерінен соң Идлибтегі террористер аймақты түгел тастап кетуге мәжбүр болуда. «Астана мен Сочиде қол қойылған келісімшарттардың арқасында 50-60 мың адам өз отандарына (Сүрия, Идлиб) оралуға ниетті. Егер, осы саммиттер болмаса, қантөгіс әлі жалғасып жатқан болар еді. Бұл қадамдар бейбітшілік пен өркениет көкжиегін көрсетті. Бұл іспен біз, Иран және РФ бірге айналысудамыз» , - деген Р.Т.Ердоған. Осыдан екі күн бұрын, аталған келісімшартқа сәйкес, Түркия тарапы кедендік бақылау нысанының бақылауын арттыру үшін Идлибке арнайы әскер кіргізген еді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы