Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы бар күдіктілерді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.
Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Дияс Маханбетовтың сөзінше, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Денис Теннің өліміне қатысы бар күдіктілерді қамау мерзімін 23 қазанға дейін ұзарту жөнінде қаулы шығарған.
Естеріңізге салайық, шілде айының 19-ы күні танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен автокөлік тонаушылардың қолынан көз жұмған. Кейіннен аталмыш оқиғаға байланысты күдікті ретінде 1994 жылғы Жамбыл облысының тумасы Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы, Қызылорда облысында дүниеге келген Құдайбергенов Арман Бөрібайұлын және тағы бір Жамбыл облысының турамы Жанар Толыбаева ұсталған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды