Алматыда ауыр сырқаттан Мұхтар Жәкішевтың анасы Раиса Нұрғалиқызы қайтыс болды.
Мұхтар Жәкішевтың адвокаты Нұрлан Бейсекеевтың сөзінше, Раиса Нұрғалиқызы қыркүйектің 18-і күні таңертең қайтыс болған. Мұхтар Жәкішев отырған түзету мекемесінің қызметкерлеріне қайғылы хабарды жеткізу туралы өтініш жіберілген.
17 қыркүйек күні адвокаттың Жәкішевке ауыр науқастанып жатқан анасына баруына байланысты сұраған өтініші қанағаттандырылмаған. Бірақ қайғылы оқиғадан кейін Бейсекеев колония басшылығына Жәкішевті анасының жерлеу рәсіміне қатысуға рұқсат беруді сұрап қайтадан өтініш білдірмек.
80 жасында өмірден озған Раиса Нұрғалиқызы көзі тірі кезінде президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлы Мұхтар Жәкішевтің науқас екендігін айтып, рақымшылық жасап, тірі кезінде бостандыққа шығаруын сұрап екі рет хат жазған. Бірақ өтініш хатына осы уақытқа дейін қаралмаған.
Қазатомпром компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген айыппен ұсталып, кейіннен 14 жылға сотталған. Қазіргі уақытта жазасын Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда өтеуде.


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?
Сатираның аузына темір скотч. Сөз бостандығы шартты түрде бостандыққа шықты
ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы
«Қазақша сөйле!»: Курьер тұтынушыға дөрекілік танытпағанын айтты. Magnum’ның бойкот бастамасынан кейінгі мәлімдемесі
Иманғали Тасмағамбетовтың ақталуы: Қазақ қоғамындағы пікірталастар