АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли Ресейді Солтүстік Кореяға қатысты енгізілген БҰҰ санкцияларына қатысты астыртын әрекет жасады деп айыптады. Бұл туралы ол АҚШ төрағалық ететін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді.
Ресей, Никки Хейлидің айтуынша, БҰҰ-да дауыс беру кезінде санкцияларды қолдайды, бірақ «санкция режимін бұзу бойынша жұмыс жүргізуде». Сондай-ақ Американың Ресей тарапынан нақты заң бұзушылықтардың орын алғанын дәлелдейтін құжаттар жеткілікті.
БҰҰ-дағы АҚШ өкілі «Ресей Солтүстік Кореяға қатысты санкциялық және тағылған айыптың режимін бұзуды тоқтатуы тиіс», – деп, заң бұзушылықтардың мерзімді емес, тұрақты және жүйелі сипатқа ие екенін айтты.
Тәртіп бұзушылық сызбасы мынадай: Солтүстік Кореяның теңіздегі кемесіне импорт үшін тыйым салынған тауарлар, оның ішінде мұнай мен көмір тасымалданған. 2018 жылдың сәуір айында ресейлік «Патриот» кемесі БҰҰ санкциясымен тыйым салынған солтүстік кореялық кемесіне портқа тиісті емес тауарларды тиеу кезінде ұсталған.
Жалпы алғанда мұндай әрекеттер 148 рет тіркелді. Осылайша, АҚШ-тың тұрақты өкілі Пхеньян кем дегенде 800 мың баррель керосин және басқа да аралас өнімдерге қол жеткізгенін анықтады.
Санкциялардың болашағы
АҚШ және КХДР көшбасшылары келіссөздерінен кейін ядролық қарусыздану негізгі мақсат болған, алайда екі ел басшылары әзірге келіссөзге іс жүзінде қол жеткізген жоқ. Сол себепті қатаң санкциялар өз күшіне енеді.
Ресей Пхеньянға қарсы экономикалық шараларды енгізгені үшін 11 рет дауыс берген. Бірақ Ресей тарапы өз әдесін орындамай, санкциялық тәртіпті бұзып отыр.
АҚШ пен Қауіпсіздік Кеңесінің басқа да мүшелері Пхеньянға қарсы санкцияларды оның басшылығы ядролық қарудан бас тарту жөнінде уәде етілген қадамдар жасағанша қатаңдату керектігін айтты.
2006 жылы БҰҰ Солтүстік Кореяның зымыран-ядролық бағдарламасы арқылы қаржылық мүмкіндіктерді шектеу үшін бір ауыздан санкциялар енгізген болатын. Осыдан кейін Солтүстік Кореяға көмір, металл, қорғасын, тоқыма және теңіз өнімдерін экспорттауға тыйым салынды және тазартылмаған мұнай мен керосин өнімдерін импорттау шектелді.
БҰҰ-ның саяси бағдарламаларының жетекшісі Розмари Дикарло Қауіпсіздік Кеңесіне елдегі кейбір оң өзгерістерге қарамастан, КХДР өзінің зымыран-ядролық қаруларын жетілдіруді жалғастырғаны үшін «экономикалық регресске ұшырататын» санкциялар салынады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді