Түркия Идлибке әскер кіргізді – деп хабарлайды «Reuters» ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, ресми Анкара өзінің Сүриямен арадағы шекарасын күшейтіп қана қоймай, Идлиб аумағындағы 12 бірдей бақылау бекетіндегі әскер санын көбейтіп, қосымша күштер жіберген. Атап айтқанда Түркия Идлибке арнайы жасақ сарбаздарын, танктері мен қала ішінде ұрыс жүргізуге арналған құрал-жабдықтарын кіргізген. Бұдан бөлек жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Түркия Сүрия билігіне көмек ретінде әскери техникалар мен оқ дәрілер тасымалдауда.
Естеріңізге сала кетейік, Сүрияның Идлибінде Түркия армиясының қарамағындағы бақылау бекеттері былтырғы жылы Ресей мен Иранның келісімі бойынша құрылған. Себебі бастамқыда Идлиб дэскалациялық аймақ ретінде қарасырылған.