Халықаралық журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) зерттеуі бойынша, әлемде журналистердің қамауға алынуы рекордтық көрсеткішке жетті.
деп хабарлайды ББС дің қырғыз қызмет.
Аталмыш комитеттің мәліметіне сүйенсек, журналистерді қамауға алуда Түркия Қытайдан асып түскен.
2016 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша, әлемдегі тұтқындалған журналистердің саны 259-ға жеткен. Комитеттің дерегі бойынша Түркия кемінде 81 журналисті қамаған. Бұл әлемнің барлық еліндегі заңды тіркеуде көрсетілген санақ.
Қамауға алынғандар «мемлекетке қауіп төндіргендер» деп айыпталған дейді комитет есебінде.
Қытаймен Түркиядан қала берді, бұл тізімді Египет, Эритрея және Эфиопия жалғады. Сонымен бірге Эфиопия, Панама, Сингапур және Ресейде журналистер абақтыға қамалды деп жазады CPJ.
Хабарда Ресейде екі журналист кәсіби қызметі үшін қамалған. Солардың бірі, «Украинформ» агенттігі тілшісі Сущенко Роман тыңшылық жасады деген күдікпен тұтқындалған. Ал, «Кавказский Узел» тілшісі Жалауди Гериев үш жылға сотталып, саяси тұтқын болды.
Түркиядағы әскери төңкерістің сәтсіздігінен кейін журналистерді жаппай қамау орын алды. Соңғы тазалауға оппозициялық «Cumhuriyet» газетінің 9 журналисті ілінді. Түрік билігі оларды АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхуллах Гуленмен байланыста болды деп айыптап отыр. Фетхуллах оны жоққа шығаруда.
«Халықаралық журналистерді қорғау ұйымы» халықаралық тәуелсіз ұйым. Бас кеңсесі Нью-Йоркта орналысқан. Журналистердің құқығын қорғау бойынша іс жүргізеді. Ұйым әлемдегі журналистерді қуғындау және өлтіру фактісі бойынша ақпарат жинаумен айналысады.
«The Qazaq Times»