Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй Еуропа Одағы (ЕО) құрамынан шығуына қатысты тағы да референдум өткізу мәселесіне нүкте қойды, - деп хабарлайды франциялық «20minutes.fr» агенттігі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мен екінші референдум өткізу мәселесін қайтадан көтергісі келгендердің сөзін тыңдамаймын», - деген Мэй «Дауыс беруді қайтадан өткізу азаматтардың сеніміне қаяу түсіріп, демократияны асыра пайдалану болып саналатынын да» айтқан. Ол «The Telegraph» газетіндегі өзінің бағанында Ұлыбританияның 2019 жылдың 29 наурызында Еуропа Одағынан шығатынына кепілдік бере отырып, үкіметтің «британ халқының демократиялық шешімін» орындайтынын жазған.
Еске салайық, бұдан бұрын Ұлыбританияның Қаржы министрі Филипп Хаммонд «Brexit»-тің Брюссельдің келісімсіз Біріккен Әмірліктің бюджетіне 80 млрд фунт стерлинг (105,5 млрд доллар) көлемінде шығын әкелетінін мәлімдеген еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы