АҚШ президенті Дональд Трап Сүрия басшысы Башар Асадтың өлімін ешуақытта жоспарлаған емес – деп мәлімдеді АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Никки Хейли.
Қыркүйек айының 4-і күні Нью-Йорк қаласында өткен баспасөз мәслихатында Никки Хейли Сүрия дағдарысына қатысты мәлімдеме жасады. Никки Хейлидің сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамп еш уақытта Сүрия басшысы Башар Асадтың өлімін жоспарламаған және лауазымды тұлғалармен талқыламаған.
Естеріңізге салайық, The Washington Post басылымының журналисті Боб Вудвард өз кітабында «2017 жылдың сәуір айында Сүрияда болған химиялық шабуылдан кейін Пентагон басшысы Джеймс Мэтиске Башар Асадтың көзін жоюға байланысты жоспар құруды тапсырды» - деп жазған. Вудвардтың сөзінше, бастапқыда Метис Трамптың тапсырмасын орындауға келіскен. Бірақ кейіннен ол ойынан айныған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды