Жапония Қорғаныс министрлігі өкілінің хабарлауынша, бір жылдан бері Қытайдың әскери әлеуетін тез арада арттыруы және жапон иелігіндегі суларда әскери әрекеттерін жиілетуі, Жапонияның қорғанысына үлкен алаңдаушылық туғызып келген. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлаған болатын.

Дүйсенбі күні өткен әскери-теңіз аға офицерлерінің мәжілісінде сөйлеген сөзінде қорғаныс өкілі Қытайдың Жапонияны қоршаған теңізде және әуеде әскери операцияларды біржақты жүргізіп келгенін, соның ішінде жаңа әуе операцияларын жүзеге асыру,  таласты аралдар мен су айдындарына суасты ядролық қайықтарын жібергенін айтты.

Өткен аптада Жапонияның Қорғаныс министрлігі 2018 жылға арналған Жапония қорғаныс жоспарының ақ тысты кітабын жариялады. Кітаптың 34 бетінде Қытайдың Жапонияға болған жанама және ағымдағы практикалық қатерлері толықтай баяндалады, әрі, Қытайдың Шығыс Қытай теңізіндегі және Батыс Тынық мұхитындағы әскери әрекеттерінің тез арада артуы мүмкін екенін ескертеді.

Дегенмен, Жапония қорғаныс өкілдері Қытайдың Жапонияға болған қатері Токионы жапон-қытай қатынасын реттеуге итермелейді деп қарайды. Жексенбі күні Жапонияның бас уәзірі Шинзо Абе «Жапония мен Қытай қатынасы дұрыс бағытта және жақсы деңгейде» деп бағалады. Ол алдағы айда өзінің ірі сауда серіктесі болған Қытайға сапарлай барып, сауда-экономикалық қатынасты тереңдетуге тырысып көрмек.

Ресми Бейжің өзінің  мәлімдемесінде, Жапония Қорғаныс министрлігі жариялаған ақ тысты кітаптағы Қытайдың Жапонияға болған қатерін жоққа шығарды. Әрі, Қытайдың Шығыс Қытай теңізі мен Тынық мұхиттың батыс жағалауындағы әскери әрекеттері бірқалыпты деңгейде ұстап тұрғанын, ешбір елдің егемендігі құқығына қол сұқпайтындарын айтып өткен.

“The Qazaq Times”