«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым Ерлан Тынымбайұлы Қарин тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев таныстырды.
Ол туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында: "Ерлан Тынымбайұлы білікті саясаттанушы, идеолог, еліміздің шынайы патриоты ретінде көпшілікке жақсы таныс екеніне еш күмәнім жоқ. Ендігі жерде оған еліміздегі ең ірі медиа құрылымның жұмысын одан әрі дамыту тапсырылып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұған дейінгі іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", – деген пікірін жазды.
Ерлан Тынымбайұлы Қаринның осыған дейін де Қазақстан ақпарат әлемінде сүбелі еңбектер етіп келген болаты. Жаңа міндетке тағайындалғаннан кейін де, еліміздің ақпараттық саласының дамуына тың тебін беруіне тілектестік білдіреміз!
“The Qazaq Times”


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?