Түркіменстанда тәуелсіздік күнінің датасы өзгерді - деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері.
«Түркіменстан балама жаңалықтары» ақпарат көзінің хабарлауынша, Ашхабад қаласының жүздеген тұрғыны "Дагдан" стадионына күнделікті жиналып, Тәуелсіздік күнін атап өтеуге дайындық жұмыстарын қазірден бастап кеткен. Дайындық жұмыстарына әр мекемеден 5-10 адамнан бөлінген. Сонымен бірге астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері де тартылған.
Түркіменстанның Тәуелсіздік күні биыл бірінші рет 27 қыркүйекте аталып өтіледі. Осыған дейін, 26 жыл қатарынан Тәуелсіздік күні ресми түрде 27 қазанда атап өтілетін.
Былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында, дайындық жұмыстары кезінде бірқатар банктер, әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдары жұмыстарын уақытша тоқтатқан.