Егер, бүгін, яғни 24 тамызда өтетін кездесуде Еуроодақ босқындар мәселесіне қатысты Италияға көмек көрсету үшін нақты шешім қабылдамаса, «Бес жұлдыз қозғалысы» Италияның 20 млрд еуролық салымына қатысты дауыс беруден бас тартады. Бұл туралы аталған қозғалыстың вице-премьері Луиджи Ди Майо мәлімдеген, - деп жазады avim.org.tr.
"Кездесу барысында Diciotti кемесі мен Италияға келуші босқындарға қатысты нақты шешім қабылдануы тиіс", - деп мәлімдеген Ди Майо. Бұдан бұрын Еуроодақтың Италияға босқындар мәселесіне қатысты көмегі жетпей жатқанын айтып, премьер-министр Джузеппе Конте, Ішкі істер министрі, вице-премьер Маттео Сальвини және Сыртқы істер министрі Энцо Моаверо Миланези де мәлімдеме жасаған еді. Сальвини Еуроодақ босқындар мәселесіне қатысты Италияға көмек қолын созбаса, онда өздерінің заңсыз босқындар тиелген кемені Ливияға қайтаратынын ескерткен болатын. Осының алдында да хабарланғандай, италиялық жағалау қызметінің кемесі Diciotti 177 заңсыз босқынды алған. Алайда, оларға Еуроодақ осы босқындарды қай елге жіберетінін нақты шешкенге дейін ғана уақытша баспана берілген. Сонымен қатар, осыдан бұрын еуропалық бес ел оларды қабылдауға дайын екендіктерін хабарлағанмен, кейін ЕО елдері бұл шешімдерінен бас тартқан. Еуроодақ заңына сәйкес, оған мүше-елдер босқындарды қабылдауға міндетті саналмайды.
Әрі, Италияның жаңа үкіметі 2018 жылдың маусымынан бастап, заңсыз босқындарды таситын үкіметтік емес ұйымдардың кемелеріне өзінің порттарына кіруге тыйым салған.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?