Ауғанстан президенті Ашраф Гани Талибан қозғалысымен арадағы қақтығысты тоқтату туралы ұсыныс жасаған. Бұл туралы lanouvellerepublique.fr хабарлайды.
Алайда, президенттің бұл ұсынысына әлі жауап келмеген. Оның айтуынша, бітім бүгін, 20 тамызда күшіне мінуі тиіс болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Гани қақтығысты 21 қараша, Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күніне дейін үш айға тоқтатуға ниетті. Ал, Талибан қозғалысының ақпаратына қарағанда, «олардың жетекшілері де Құрбан айт мерекесіне дейін алдын ала төрт айға келісіп қойған». Айта кету керек, қақтығысты уақытша тоқтату туралы ұсыныс тәлібтердің 10 тамыздағы Газнидегі шабуылы салдарынан болған қатаң қақтығыстан кейін туындаған. Ауғанстанның үкіметтік күштері елдің шығысындағы қаланың ауқымды бөлігін өз бақылауына алған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы