Қытай өз әскерін АҚШ-қа соққы жасау үшін арнайы дайындықтан өткізуде.
АҚШ қорғаныс министрлігі Қытай әскерінің 2018 жылғы оқу-жаттығу жұмыстарына қатысты арнайы құжат жариялаған. Онда ресми Бейжіңнің соңғы жылдары АҚШ пен оның одақтастарына шабуыл жасау мақсатында стратегиялық маңызы бар су айлақтарында арнайы әскери операциялар өткізіп жатқандығы жөнінде айтылған.
Естеріңізге салайық, шілде айының 6-ы күні АҚШ елге келетін 818 Қытай өніміне кеден салығын 25 пайызға өсірген. Осыдан кейін ресми Бейжің Уашингтонның бұл әрекетіне жауап ретінде Қытайға АҚШ-тан кіретін 569 өнімге дәл сондай мөлшерде кеден салығын енгізген.