Қазақстанда тегін дәрімен қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмек өндірушілер электронды сатып алу жүйесін тестілеуді аяқтады. Осы жылы дәрі-дәрмектің 35 атауына электронды сатып алу жарияланды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Сатып алу және өнімді пайдалану барысындағы барлық ескертулер Электронды коммерция орталығына – порталдың әзірлеушілеріне жолданады.
Жаңа жүйе бойынша, сатып алынған дәрі-дәрмектер қазан айынан бастап медициналық ұйымдарға жеткізіле бастайды.
Айта кету керек, сатып алудың электронды форматына көшуді бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласын цифрландыру шеңберінде іске асырылып отыр. Дәрі-дәрмектерді электронды сатып алуға арналған платформа http://www.sk-pharmacy.ecc.kz/ веб-порталында орналасқан. Электронды сатып алу әкімшілік кедергілерді азайтуға, сатып алу барысындағы әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы