Лондонда Парламент ғимаратының жанында автокөлікпен адамдарды соғып жаралаған жүргізушіге террорлық қылмысқа қатысы бар деп айыпталды. Оқиғадан екі адам жедел жәрдем арқылы емханаға жеткізілген. Дегенмен, оқиға кезінде жүргізушінің жанында ешкім болмаған және жанынан ешбір құрал табылмаған. Бұл туралы BBC хабар таратты.
Көргендердің айтуынша, ашық реңдегі Ford Fiesta автокөлігі жолдың қарсы бағытына атылып шығып, жол шетіндегілерді соғып жаралаған. BBC бейне камерасы түсірген бейне-көріністе аталған көліктің жоғары жылдамдықпен жол шетіндегі адамдарға бағыт алып қозғалғаны байқалады.
Лондон полиция жағы мәлімдемесінде, қазірге дейін бұл істі террорлық шабуыл ретінде қарастырып жатқанын, арнайы тексеру тобы құрылып, күдіктіні жан-жақты тергеу-тексеруге алғанын айтады.