Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жексенбі, 12 тамыз күні Ақ үй билігін халықаралық құқық нормаларын аяқ асты етпеуге шақырды. «Түркия қашан да халықаралық құқық ережелерін бұзбауға тырысады. АҚШ-тың осы заңдылықтарды аяқ асты етуі түсініксіз. Біз АҚШ-ты құқықтық әрекеттен аспауға шақырамыз», - деп мәлімдеген Р.Т.Ердоған. Бұл туралы «Анадолы» агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ердоған АҚШ-тың «ФЕТО» ұйымына қатысы бар деп кінә артылған америкалық пастор Эндрю Брансонды түрік үкіметіне қарсы санкция енгізу және қаржылық жүйені тұрақсыздандыру, сондай-ақ, Түркиядан шығарылатын өнімдерге салық енгізу жолымен бостандыққа шығартуға тырысқан әрекетін кешірілмейтін қылық деп санайды.
Бұған дейін де, Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ-тың осы әрекетіне үнсіз қала алмайтынын айтқаны туралы да жазған едік. Енді, бүгін түрік президенті Түркияның алюминий мен металлға салынған америкалық салыққа жауап ретінде тиісті түрде жауап қайтарып, «АҚШ-тың әрекетіне қарсы басқа альянстар мен нарыққа бет бұратынын» мәлімдеді.
Осыдан бұрын, АҚШ президенті Дональд Трамп түркиялық екі бірдей министрдің активтерін бұғаттап, санкция салып, артынша, 10 тамызда Түркиядан өндірілетін болат пен алюминий импортына 20% және 50% көлемінде салық енгізетінін хабарлаған еді. Бұл жағдай түрік лирасының күрт төмендеуіне әкеп соғуда.
Екі ел арасындағы саяси тартыстың шиеленіскені сонша, енді АҚШ тарапы Түркияның армяндар геноцидін мойындауға шақыруда. Осындай мәлімдемені конгрессмен-демократ, саясаткер Тед Лью өзінің twitter парақшасында жариялады.
«Түркия авторитаризмге ұмтылады. Сол ұмтылысы арқылы америкалықтарға қарсы ұстанымға ие болуда. Біздің көпшілігіміз президентті Түркияның армян геноцидін мойындауға шақырдық. Мен енді, Трамптың осыны қолға алуын сұраймын. АҚШ енді, тарихи деректерді жоққа шығара алмайды», - деп жазған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі