Түркияның Сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті әкімшілігінің шешіміне тиісті жауап беруге уәде етті. Себебі, бұдан бұрын АҚШ түркиялық болат пен алюминий экпортына салынған кедендік салық көлемін арттыратыны туралы хабарлаған еді.
«АҚШ тарапынан Түркияға қарсы жасалған барлық қадамдарға тура сондай жауап жасалады», - деген Түркия СІМ өкілі Хами Аксой. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлайды.
Түркия СІМ Дональд Трамп әкімшілігінің әрекеті Анкара мен Уашингтонның «үлкен сынақтар арқылы қол жеткізілген» одақтастық қарым-қатынасына «нұқсан келтіреді» деп санайды.
«АҚШ президенті Дональд Трамптың ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) ережелерін аяқ асты ете отырып, түрік болаты мен алюминийіне қосымша салық салу туралы шешімі мемлекеттік маңызды істерге өте кереғар» , - деп мәлімдеген Сыртқы істер ведомоствасының өкілі.
Еске салайық, президент Дональд Трамп Түркиядан шығарылатын болат пен алюминийге салынатын салық көлемін екі есеге арттыруға бұйрық берген еді. Алюминийге салынатын салық көлемі 20 %, болатқа — 50 % -ды құрайды.
Трамптың сол мәлімдемесінен кейін осы күндері долларға шаққандағы бағамы рекордтық көрсеткішке жеткен түрік лирасы тағы да 18%-ға түсіп кетті.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы