Біріккен Ұлттар Ұйымы Сүриядағы әскери қақтығыстың аяқталуына аз ғана уақыт қалды деп мәлімдеді. Мәселен, кеше, 9-тамызда БҰҰ-ның Сүрияға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі арнайы өкілінің кеңесшісі Ян Эгелан осылай деп хабарлаған.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта Сүрия территориясында «қоршауға алынған» деген категорияға жататын ешқандай аймақ қалмаған. Эгелан сонымен қатар, Сүрияның оңтүстік-шығысындағы әскери қақтығыстардың аяқталғанын, соның арқасында елге гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндіктер ашылғанын да атап өткен.
Еске салайық, Сүриядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасуда. Осы уақыттан бері жүз мыңдаған адам қаза тауып, миллиондаған адамдар босқынға айналды. Женева пен Астана форумдары аясында осы қақтығысты бейбіт жолмен шешу келіссөздері жүргізілуде.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы