Бүгін ақша айырбастау орындарындағы ұлттық валютаның бір долларға шаққандағы бағамы 358 теңгеге жетті.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта валюта айырбастау пункттерінде бір доллар 356-358 теңгеден саудаланып жатыр. Күні кеше бұл көрсеткіш 355,38 теңге болған.
Өткен аптада Ұлттық Банк теңге тербелісіне қатысты мәлімдеме жасаған. Олардың сөзінше, теңгенің көз ілеспейтін жылдамдықпен құлдырауына мұнай бағасы, әріптес елдердің валюта бағамы, инфляция деңгейі әсер етуде.