Ауғанстанның солтүстік бөлегінде террорлық топтардың әрекеті жиілей түсті. Террорлық шабуылдар мен жарылыстар әр апта сайын туылуда. Бір күн бұрын Белх провинциясындағы Шолгере ауданында болған жарылыстан 6 адам қаза тапты. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Жергілікті полицияның мәліметіне қарағанда, жарылғыш зат Коч-Қызыл ауылы маңындағы жолға қойылған. Бейбіт тұрғындар отырған көлік жарылғыш бомбаның үстін басқан жерден жойқын жарылыс болып, 6 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алған.

Полиция жақ зардап шеккендердің бәрі де бейбіт тұрғындар екенін айтты. Шолгере аймағы Ауғанстанның солтүстігінде өзбек, тәжіктер көбірек қоныстанған өңір саналады.

“The Qazaq Times”