Мұсылман әйелдерінің киіміне қатысты қалжыңы үшін басы дауға қалған Лондонның экс-басшысы әрі Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Джонсон осы ісі үшін кешірім сұраудан бас тартты. Оның кешірім сұрауын Ұлыбританиядағы «Корсерваторлық партия» лидері Брэнсон Льюис талап еткен еді. Бұл туралы «Би-Би-Си» агенттігінің француз қызметі хабарлайды.
Экс-министр өзінің «Telegraph» басылымындағы бағанында жабынып жүретін мұсылман әйелдерін банк тонаушыларына ұқсатып, «олардың көшеде пошта жәшіктерін елестетіп жүретінін» «миға сыймайтын қылық» деп атаған еді. Б.Джонсонға жақын бір ақпарат құралы «Би-Би-Си»-ге берген пікірінде: «Бұрынғы СІМ басшысы өте күрделі мәселеге қатысты тек пікірін білдірді әрі осы үшін оны сынау «ақылға қонымсыз», -деген.
Джонсон өзінің мақаласында бетті жауып тұратын киімге қатысты пікірін айтып, сондай киімдердің «өте ерсі» көрінетінін жазған. Оның ойынша, Дания сияқты мұсылман елдердегідей жабық киімдер туралы заңдар тым артық әрі Шығыс пен Батыс «өркениетінің қақтығысы» туралы айтушы радикалистердің пайдасына жарайды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі