Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы өкілі Сергей Иванов: «ТМД аумағында геосаяси тартыс жүріп жатыр» – деп мәлімдеді.  

Сергей Иванов «Коммерсант» басылымына берген сұхбатында: «ТМД аумағында геосаяси тартыс жүріп жатыр. Оны жоққа шығаруға болмайды. НАТО уақыт өткен сайын Ресей шекарасына жақындап келеді. Бірақ ТМД аумағында Ресей мен НАТО арасында қарулы қақтығыс болмайды деп үміттенемін. ТМД құрамындағы елдердің барлығы тәуелсіз мемлекеттер. Біз олардың таңдауын бағалаймыз және сыйлаймыз. Егер ТМД құрамындағы қандай да бір ел НАТО құрамына кіруге ниетті болса, оны НАТО қабылдауға келіссе, біз ол мемлекетке ешқандай кедергі келтіре алмаймыз. Бұл олардың таңдауы» - деп мәлімдеген.

“The Qazaq Times”