Бразилия ақпарат құралдары, Есприто Санто (Espirito Santo) өлкесінің орталығы Виторияны қамтыған бірнеше қалада полиция қызметкерлерінің жұмыс тастауынан, жаппай тәртіпсіздік туылып, әзірге дейін 75 адамның қаза болғанын хабарлады. Бразилия үкіметі қоғам тәртібін қалпына келтіру үшін, мыңнан аса полиция және 200 қарулы жасақты іске қосқан.

Фото; Daily Mail

Бразилия әлемдік сайттарының хабарына қарағанда, 4 ақпаннан бастап полиция қызметкерлері өздеріне берілетін жалақының аздығына наразы болып, жұмыс тастаған. Соның салдарынан жаппай тәртіпсіздік орнап, 7 ақпанға дейін 75 адам қаза болған. Көптеген полицейлердің отбасы мүшелері полиция бөлімшелерінің қақпасына тосқауыл қойып, күшті наразылық танытқан. Виторияның жер-жерінде бір уақытта осындай оқиғалар туылған. Бразилиядағы қылмыстық топтар бұл ситуацияны пайдаланып, көшелерде ұрыс-төбелес тудырған. Қаза болғандардың бәрі дерлік пышақтау, ұрып-соғу, тонау, зорлау қылмыстарының құрбаны.

Фото:WSO.com

Үш күннен бері, Виториядағы 200-ден астам сауда дүкені талқандалған. Көптеген емхана, мектеп, сауда сарайлары жабылды. Қалада әлеуметтік көліктер тоқтатылды. Аз болмаған жеке автокөлік және әлеуметтік көліктер тәртіп бұзушылар жағынан өртелген.

Бразилия үкіметі қоғам тыныштығын қалпына келтіру үшін әскери күштерді іске қосса да, жағдай әлі оңалмай отырғанын айтады бразилиялық БАҚ. Елдегі әр елдің елшіліктері өз елінің азаматтарына қауіпсіздік үшін аталған қалалардан шығып кетуін хабарлапты.

Фото: Reddit

Фото: dailystar.co.uk

“The Qazaq Times”