Батыс Қазақстан облысында орналасқан Шалқар көліне экологиялық қауіп төніп тұр.
Орал қаласынан, оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым қашықтықта орналасқан көлдің суы күрт азайып барады. Мамандардың мәліметінше, 2 миллиард текше метр судан қазір 1 жарым миллард текше метр қалған. Ұзындығы 18 жарым, ені 15 шақырымдық көлдің ені кей жерлерде 2 шақырымға дейін тартылған. Көксерке, табан сияқты балық тұқымдары мүлде жойылып кеткен. Сазан мен шортан балықтары құрып кетудің аз алдында тұр.
Шалқар көлінің суының азайып, балықтарының қырылып қалуына оның табанына жиналған батпақ пен балдыр себеп болған. Экологтардың сөзінше, Шалқардың жайын бүгін шешпесе, ертең Аралдың тағдыры қайталануы мүмкін.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?