ҚМДБ ресми сайтының хабарлауынша, 2018 жылы Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі Қазақстан үшін Меккеге баруға 3 мың адамға квота бөлген.
Қажылыққа Алматы мен Астанадан және Шымкент пен Ақтаудан әуе рейстері орындалады деп күтілуде. Сапар құны бір адамға 5 мың доллар.
Қажылық парызын өтеуші қазақстандықтарға 18 компания қызмет көрсетеді. Оларды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық комиссиясы іріктеген. Меккеге әуе рейстері еліміздің үш мегаполисінен және Ақтаудан орындалады.
Жоспар бойынша, қазақстандықтар қасиетті орындарға 8-9 тамызда аттанып, 1 қыркүйекке дейін елге оралуы керек. Биылғы сапар шығыны бір адамға – 4-5 мың доллар шамасында.
Қажыларға қызмет көрсетуге іріктелген 18 компанияның жұмысын діни басқарма жанындағы қажылық комиссия жіті бақылайды. Қажылық парызын өтеуге ниет білдірген қазақстандықтардың арасында 16-дан 89 жасқа дейінгі азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-анасымен бірге жүруі тиіс.
Бүгінгі күні виза 1500 адамға дайын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті