Үш жылдан бері йемендіктердің қажылық өтеуіне рұқсат бермей келген Сауд Арабиясы биыл Йемен тауапшыларына шекарасын ашты. Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.

Сауд Арабиясы королі ас-Сауд қол қойған бұйрық бойынша, Йеменнен Сауд патшалығының жеріне қажылық өтеуге келушілерге әуе және құрлық жолдары ашылған.

Осыдан үш жыл бұрын Йемендегі соғысқа байланысты хуситтердің қажылық өтеуіне шектеу қойған. 2014 жылы басталған қақтығыста хусит күштері орталық қала Сананы қамтыған бірнеше аймақты өз қарамағына алған. Йемендегі соғыста үкімет жағына болысқан Сауд Арабиясының армиясы 2015 жылы сол елге әскер кіргізді. Бұл жағдайлар екі ел арасындағы шиеленістерді ушықтырды.

“The Qazaq Times”