Иран Парсы шығанағында ауқымды әскери жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жаттығу Иранның Ормуз бұғазын толықтай бұғаттауға қабілеттілігін әйгілемек. Иран Теңіз күштерінің шарлау бөлімдері соңғы кезде Ормуз бұғазындағы бақылауды күшейте түскен.

АҚШ-тың Орта Шығыстағы әскери қолбасшылық бас штаб қолбасшысы полковник Элбан бұл туралы сөзінде: «Біз Иранның Парсы шығанағындағы, Оман суларындағы әскери қадамдарын түсінеміз. Біздің ең басты назарда ұстайтынымыз және одақтастарымызбен селбесе атқаратын міндетіміз аталған су айдынындағы навигация еркіндігі мен халықаралық сауда тауарлардың еркін айналымын қамтамасыз ету» – деді.

Бұл туралы АҚШ-тың CNN арнасының хабарында, Иран қарулы күштері 48 сағат ішінде әскери жаттығуды бастауы мүмкін делінген. Сондай-ақ, жаттығуға Иранның әуе, құрлық армиясы және зымыран қорғаныс жүйелері де қатысатынын хабарлады.

Ал, АҚШ үкіметінің лауазымдылары Reuters агенттігіне берген мәліметінде, Иран теңіз күштері әскери жаттығуға 100-ден астам кемелерін дайындап отырғанын айтылады.

АҚШ президенті Трамптың мамыр айында Иран ядролық келісімінен бас тарту шешімінен кейін екі елдің қарым-қатынасы қайшылықтарға жол алды. Соңғы кездегі екі ел үкіметінің кезектескен айыптаулары, мәлімдемелері, сын-пікірлері АҚШ-Иран қайшылығын ушықтырды. Екі елдің президенттері әскери күш қолдану істерінде ауызға алды. Иранның кезекті әскери жаттығуы қайшылықты тіпті де қабындыра түсуі мүмкін.

“The Qazaq Times”