Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам ұсталды.
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың сөзінше, қазіргі таңда Денис Теннің өліміне қатысты «топ болып пайдакүнемдік ниетпен қарақшылық шабуыл жасау» және «топ болып пайдакүнемдік мақсатпен қасақана адам өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жұмыстары барысында Денис Теннің өліміне қатысы бар Жанар Толыбаева есімді азаматша ұсталған. Оған«қылмысты жасырды» деген айып тағылған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Денис Теннің өліміне күдікті ретінде 1994 жылы дниеге келген Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов пен Жімбыл облысының азаматы Нұралы Қиясов ұсталған. Прокуратура өкілдері Қиясов Нұралының тергеу жұмыстары барысында Денис Тенді өлтіргенін мойындағанын хабарлаған болатын.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап