Ауғанстанның солтүстігінде «Талибан» қозғалысы мен ДАИШ арасындағы қарулы қақтығыс әлі жалғасуда. Қақтығыс салдарынан көптеген адам қаза болды. Бұл туралы жергілікті «Әл Арабия» агенттігі хабарлаған.
Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан Джаузджан қаласындағы қарулы қақтығыстың басталғанына бір аптадан асқан. 17 маусым күні «Талибан» қозғалысының 15-ке жуық мүшесі осы қақтығыс салдарынан көз жұмған. Шабуыл уақыты алдын ала жоспарланған екен. Яғни, тәлібтер өздерінің жетекшілерінің бірінің үйінде намаз оқып жатқан кезде жасалған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы 15 тәлібтен өзге, тағы бес адам жараланған. Джаузджан қаласы әкімшіліінің өкілі Мұхаммед Рида Гафуридің мәлімдеуінше, екі топ арасындағы күрес салдарынан бір апта ішінде қалада шамамен 300 адам өлтірілген, ал жергілікті мыңдаған тұрғын өз үйлерін тастап, қауіпсіз аймақтарға қашып жатқан көрінеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті