АҚШ Еуропа одағы өкілдерінің еуропалық компанияларды Иранға қарсы салынған санкциядан босатуды сұраған талаптарын кері қайтарды. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлайды.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Пампео еуропалық елдерге жолдаған хатында "Біріккен Штаттар ЕО елдерінің өтінішін Иранға максимальды түрде қысым жасағысы келгендіктен кері қайтарды", - деп мәлімдеген. Ол егер, Еуропа елдері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне пайда әкелетіндей қадам жасаса ғана, талаптары орындалады деді. Сонымен қатар, АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин де қол қойған хатта «Біз Иран режиміне қарсы бұрын-соңды болмаған қаржылық қысым жасауды қолға аламыз» , - делінген.
Бәрімізге белгілі, осы жылдың мамыр айында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы санкция енгізіп, 2015 жылы қол қойылған Иранның ядролық бағдарламасынан шығатынын мәлімдеген еді. Еске салайық, АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Қытай елдерімен жасалған келісім бойынша, Иран өзінің уранды байыту қорын шектеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді