Италиялық «Анса» агенттігінің хабарлауынша, Ливияда құтқарылған 67 босқыны бар Италия Жағалау Қауіпсіздік Комиссарлығына тиесілі кеме елдің оңтүстігіне келгенмен, оларды орналастыру жағынан кедергіге ұшырауда. 

Италия Ішкі істер министрі Маттео Сальвини, босқындардың кемеден түсіп, жағалауға орналасуларына рұқсат етпеуде. «Кеме туралы түгелдей зерттеліп бітпейінше, ешкімнің кемеден түсіне рұқсат жоқ. егер кімде-кім менің сөзімді тыңдамай, осыған жол ерер болса, жұмысым сонымен болсын» , - деген Сальвини. Айта кету керек, Италия кемесі тарапынан құтқарылған босқындар «Араларындағы біреу кеме экипажына қастандық жасады» - деген күдікпен Италия Жағалау Қауіпсіздік Комиссариатына тиесілі кемеге ауыстырылғн еді. Еске салайық, Еуроодақтың босқындар мәселесіне қатысты ЕО-ға мүше елдермен өзара келісім жасасқанмен, Италия әлі күнге дейін босқындарға қатысты істе ЕО-мен нақты мәмілеге келе алмауда.

“The Qazaq Times”