Көптеген ақпарат құралдары осы күндері (11-13 шілде) Бельгияда өтіп жатқан НАТО саммитінің барысы туралы, соның ішінде АҚШ пен Еуроодақтың ара-қатынасы жөнінде жарыса жазуда. Мәселен, италиялық «Il Sole 24 Ore» сайты Америка мен ЕО-ның ара-қатынасы тарихтағы ең төмен әрі шиеленісті жағдайға жетті деп жазады.
Сайтымызда бұған дейін де хабарлағанымыздай, Дональд Трамп одақтастарын қорғаныс шығынын ең төменгі деңгейде жұмсайды деп ашықтан-ашық сынаған еді. Әсіресе,"Ол, Ангела Меркельді «Германияның Ресейге тәуелділігі үшін» айыптап, тіпті ЕО-ның еуропалық тауарларға салынған салық мәселесіне қатысты жасаған мәлімдемесін елемеуге тырысты", - деп жазады «dw.com». Тараптардың келіспеушілігі Түркия мәселесін, сәйкесінше заңсыз мигранттар мәселесін де күн тәртібіне шығаруда. Экономикадан бастап, дербес қорғанысқа дейінгі НАТО-ны біріктіретін мәселелер қазіргі таңда АҚШ пен ЕО елдері арасын алшақтатуда, - деп жазады француздық «lemonde.fr» басылымы.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті