Қазақстанда 1 шілде күні бала кезінен бастап І топтағы мүдегектер санатына қосылғандарды күтіп-баққан адамдарға жәрдемақы енгізілетін болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Астанада өткен баспасөз отырысында хабарлады.
Оның айтуынша, 30 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыны ай сайын 14 мыңнан астам отбасы ала алады. Министр ханым, сонымен қатар, 2018 жылы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа формасы енгізілгенін де айтты. Бұл көмек жағдайы төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмысқа тартуға бағытталған. Осылайша, бұл көмекті алушылардың саны 5 ай ішінде 72 мыңға жетіп, олардың орташа жәрдемақылары екі есеге артқан.
«Енді бұдан былай зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне толықтай байланысты болады. 2 млн зейнеткердің зейнетақылары көтерілді. Олардың 1 млн-ы ең жоғары көлемде зейнетақы алады. Ал 930 мың адамның зейнетақысы 37% бен 81% аралығында. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 2018 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге арттырылды», - деді Әбілқасымова.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы