«АҚШ пен Түркия "Күрдтердің халықтық қорғау отрядын" (YPG) Сүрияның Алеппо қаласынан ығыстыруға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру үстінде». Бұл туралы «meydan.com.tr» хабарлайды.
Түркия әскери штабтары мен АҚШ Әуе күштері Сүрияның «Евфрат қалқаны» антитеррорлық операциясы аясында азат етілген солтүстік аймақтары мен Манбидж ауданы арасындағы шектес аймақтардағы бақылау-операцияларының сегізінші кезеңінде. Манбидж түрік-америкалық жол картасына сәйкес, екі елдің әскерилері бір-біріне тәуелсіз әрекет еткенмен, өзара қадам жасасады. Осы жылдың төртінші маусымында Анкара мен Уашингтон PKK – YPG террористерінің сүриялық қанатын Евфрат өзенінің батысындағы Сүрия территориясынан шығаруға қатысты келісімге келген болатын. Естеріңізде болса, Манбидж PKK отрядтары тарапынан 2016 жылдың тамыз айында жаулап алынған еді. Айта кету керек, осы аудан тұрғындарының 90 пайызын этникалық арабтар құрайды.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі