Иран президенті Хасан Рухани: «АҚШ біздің алдымызда тізерлейтін болады» - деп мәлімдеді.
Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Хасан Рухани жергілікті телераналардың біріне берген сұхбатында Иран мен АҚШ қарым-қатынасы жөнінде мәлімдеме жасаған. Ол онда: « Иран еш уақытта капитуляция жасамайды. Біз ұлы халықпыз. Сол себепті де АҚШ біздің алдымызда тізерлейтін болады» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, мамыр айының басында АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ядролық келісімінен шығатындығын мәлімдеген. Ал осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ үкіметі елге Иран мұнайын импорттауға эмбарго қойған.