АҚШ-тың ескертуіне қарамастан Башар Асад режимі Сүрияның оңтүстігіндегі Дера қаласында әскери операцияларға дайындалуда. Бұл туралы «liberation.fr» ақпарат көзі хабарлайды.
Ақпарат көздерінің мәліметтеріне қарағанда, шабуылды қолдау мақсатында, ирандық әскерилер аймақтан шыққан сияқты көрінгенмен, өздері Асад режимінің әскерилерімен күш біріктірген. 18 маусымда, Асад күштері оңтүстік бағыттан шабуыл жасаған. Сонымен қатар, мамыр айының соңында ирандық әскерилер бірқатар бағыттағы позициялары мен басшылық орталықтарды босатып, шыққан. Алайда, олар бұл әрекетке Израиль мен Иордания тарапының қысымымен барған деген де болжам бар. Осыдан кейін ирандық әскерилер Асад режимімен бірлескен.
БҰҰ-ның мәліметінше, Сүрияда 2011 жылы басталған қақтығыс 400 мың адамның өмірін жалмаған. 10 миллионнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған екен.