АҚШ Түркияға санкция салмақ – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мәселелері бойынша көмекшісі Уэсс Митчелл журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Егер ресми Анкара Ресейдің С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алатын болса, онда біз Түркияға санкция салатын боламыз» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың қыркүйек айында Анкара мен Мәскеу жалпы құны 2,5 миллиард долларды құрайтын С-400 әуе қорғаныс жүйесін сату және сатып алуға байланысты құжаттарға қол қойған. Түркия билігінің бұл әрекетіне АҚШ қарсы шыққан. Себебі заң бойынша, НАТО-ға мүше елдер бір стандарттағы қару-жарақтарды пайдалануы тиіс.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды