Кеше II Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің алғашқы қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Фестивальдің шымылдығын "Астана Мюзикл" мемлекеттік театры "Қыз Жібек" этно-фольклорлық мюзиклімен ашты.
Қойылымды қалың көпшілікпен қатар Қазақстан театрлары қауымдастығының президенті, "Қазақстанның еңбек ері" Асанәлі Әшімов, Қазақстанның xалық әртісі Меруерт Өтекешова, Еуропа мен Азияның белгілі театр сыншылары мен драматургтері Ионас Вайткус, Франциядан арнайы келген Давид Асатиани, театртанушы Аманкелді Мұқан тамашалады.
"Қазақконцерт" МКҰ жанынан құрылған театрдың репертуарында отандық және әлемдік мюзиклдер бар. Ал басты қойылымдарының бірі " Қыз Жібек" этно-фольклорлық мюзиклі. Қоюшы-режиссер театрдың көркемдік жетекшісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асxат Маемиров. Аталған мюзикл еуропаның Франция, Белгия, Австрия, және Ресей көрермендерін таңқалдырып ұлгерген.
Айта кетейік, Астананың 20 жылдық мерейтойының аясында өтіп жатқан театр фестивалінің ашылу салтанаты бүгін " Қазақстан" ОКЗ-да сағат 16:00-де басталады. Фестивальға шетелдік және отандық театрлар қатысады. Екі аптаға созылатын театр мерекесінің қарсаңында 12 мемлекеттен келген әлемдік театр ұжымдары өнер көрсетеді. Олар: «Piccolo di Milano» театры (Италия), «1927» театры (Ұлыбритания), «Meno Fortas» (Литва), «Warszawa» (Польша), «Nakamura Gekijo» (Жапония), Тәуелсіз интернационалды «11» театры (Германия), Ш.Руставели атындағы Грузия мемлекеттік академиялық театры (Грузия), Бейжің халықтық көркем театры (Қытай), Өзбек ұлттық академиялық драма театры (Өзбекстан), Ленсовет атындағы Санкт-Петербург академиялық театры, Мәскеу губерниялық театры (Ресей), Ш.Термичиков атындағы Шу облыстық театры(Қырғызстан), Т.Абдумомунов атындағы Академиялық драма театры (Қырғызстан).
Отандық театрлардан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, «Astana Musical» қатысады. Барлығы– 17 театр, 18 спектакль. Аталған іс шараның басты қонағы - Оскар сыйлығының иегері дүниежүзіне белгілі кино және театр актрисасы Жюльет Бинош.
Ауқымды іс шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен " Қазақконцерт" Мемлекеттік концерттік ұйымы және Қазақстан театрлары қауымдастығы өткізуде.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді