Ресейде наурыз айындағы сайлаудан бұрын бағалар тұрақты күйде тұрған. Сайлау өте салып Ресейдің 75 облысында бензин бағасы өсе бастады. Мамыр айына жеткенде бағаның өсуі 5,6 пайызға дейін жетті. Соңғы бір аптада Ресейдің оннан астам қаласында жанармайдың қымбаттауына қарсы наразылық шерулері өтуде.
Ал, кеше РФ президенті Владимир Путин бұл мәселелерге байланысты тікелей эфирде жауап беруге мәжбүр болды. Алайда тікелей эфирде жауап беру кезінде бағаның өсуіне қарсы ереуілдер туралы сөз болған жоқ. Президент Путин ел азаматтарының «Жанармайдың бір литрі 45 рубль болды, қашанға дейін шыдаймыз?» деген сұрағына: «Бұл энергетика ресурстарының дұрыс басқарылмауынан келіп шықты. Әлемде мұнай бағасы өсті. Шикі мұнайды экспорттау пайдалы болып қалды. Сондықтан баға өсіп жатыр», – деп жауап берді.
Ресей президенті азаматтардың бұл сұрағына жауап беру үшін тікелей эфирге энергетика министрі Александр Новакты да шақырды. Ол бағалардың өсуі тоқтағанын және экспорт көлемін тежеп, бағаны тұрақтандыру үшін экспортқа деген мемлекеттік салықты жоғарлату ұсынысын ортаға қойды. Ал президент Путин бұндай заң жобасын әзірлеуге қол қойғанын айтты.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі