Қадір түнінде менингокок инфекциясының таралуы қаупі басым. Мұны еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ескертті.
Оның айтуынша, адамдар 5-6 сағат жабық кеңістікте бірге отырады. Араларында жұқпалы ауруға шалдыққандар болса, басқалары да қапыда қауіпті дертке душар болуы мүмкін дейді. Сондықтан бас санитар отандастарымызға сақтық шараларын ұмыт қалдырмауды ескертті. Одан бөлек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері мен Денсаулық сақтау министрлігі менингиттің алдын алу үшін мешіттерді залалсыздандыру мәселесін бірлесе қолға алмақ. Олар Алла үйін дезифекциялап, желдеткіштер орнатпақ. Істен шыққандарын Қадір түніне дейін ауыстыруға тырысады.
Биылғы Қадір түні маусым айының 11-нен 12-не қараған түніне тұспа-тұс келіп отыр.