Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньхуға қастандық жасамақ болған террорлық ұйым мүшелері ұсталды.
i24 news порталының мәліметінше, Израиль ұлттық қауіпсіздік қызметі Шығыс Иерусалимде арнайы операция өткізген. Операция барысында премьер-министр Биньямин Нетаньхуға қастандық жасамақ болған «Палистинаны азат ету халықтық қозғалысы» террорлық ұйымының мүшелері қолға түскен. Алдын ала болжамдар бойынша лаңкестерді осы уақытқа дейін Сүрия аумағындағы сыбайластары астыртын қолдап келген.