Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев елімізде менингитке қарсы салынатын екпе құнының тым қымбат екенін айтты. Үкімет үйінде өткен кезекті отырыс кезінде премьер-министр вакцина бағасын арзандатуға жауапты министрлік пен өңір басшылары ықпалдасу керек деді.
"Вакцина құны тым қымбат. Кейбір облыста 40 мың теңгеден сатылады, басқа аймақта 20 мың теңгеден саудаланып жатыр. Бұл мәселені өңір басшылары тиісті ведомство өкілдерімен бірлесіп қадағалауға алуы керек. Жақын арада екпе құны арзандайтын болсын! Елді дүрліктірмеу қажет" - деді, Сағынтаев.
Қазақстанда менингитке байланысты карантин әзірге жарияланбайтын болды. Жыл басынан елімізде қауіпті дертке шалдыққан 12 адам қаза тапқан. Арасында 4 жасқа толмаған бүлдіршіндер де бар.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы