АҚШ-тың БҰҰ дағы жаңа тағайындалған өкілі Никки Хейли Украинаның шығысындағы “агрессиялық әрекеті” үшін Ресейге салынған санкциялар алынбайтынын айтты. Ол Қырым Украинаға қайтарылған күнге дейін күшін жойматынын мәлімдеді. Бұл туралы Би-Би-Сидің қырғыз қызметі жазады.
“Біз Ресеймен арадағы мәмілені шын ниетімізбен жақсартқымыз келеді. Бірақ, Украинаның шығысындағы ауыр жағдай үшін Ресейдің әрекетіне ашық және қатал сын айтумен ғана шектелмейміз” деді Никки Хейли БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңес жиынындағы алғашқы сөзінде.
Хейли Уашингтонның Қырымды Украинаның бір бөлігі деп танитынын еске салып, Ресейді оны тез босатуға шақырды.
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин осыған орай жауап қайтарып, Қырым тұрғындарының Ресейге қосылуын жақтап дауыс бергенін көлденең тартты. АҚШ-тың демократия деп жар салып жүргенін ескертіп, Қырым халқы референдум арқылы өз таңдауын жасағанын айтты.
Украина ел шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен емес, әскери жаңжалмен шешуге әрекет етіп жатыр деді Чуркин.
Соңғы күндері Донбастағы қақтығыс өршіп, оқ шығаруға жалғасты. Әр екі жақтан да қаза тапқандар бар.
2014 жылы қаңтарда АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Ресей Қырымды аннекциялап алғаннан кейін, бір жылға санкция салған еді. Бұл санкциялар кезең-кезеңімен күшейіп отырған. Америка билігі жаңжалға Редейді кінәласа, ресми Мәскеу ол айыпты жоққа шығарып келеді.
2016 жылы желтоқсанда Уашингтон АҚШ-тың президент сайлауы кезінде хакерлік шабуыл жасады деп, Ресейге жаңа санкциялар енгізген. Мәскеу бұны бір жола жоққа шығарған еді. Бейсенбіде АҚШ қаржы министрлері кибершабуыл бойынша салынған санкция күшін жойғанын мәлімдеген. Бірақ, Ақүй осыған байланысты Ресейге қарата ұсталып отырған көзқарастың өзгермейтінін білдірді.
Доналд Трамп президенттік қызметке кіріскеннен бері, Ресейге салынған санкцияларды алып тастау сөз болған. Алайда, ол санкциялырдың жақын уақытта алына қалуы екіталай дейді сарапшылар.
«The Qazaq Times»