Ирандық Атам энергия жөніндегі Ұйымның өкілі Бехруз Камальванди Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) бұдан былай Иранның уранды байыту мөлшерін ұлғайтуды көздейтіні туралы хат жіберетінін мәлімдеді. Бұл туралы lemonde.fr агенттігі хабарлайды.
«МАГАТЭ-ге жіберілетін хатта UF6 аз өндірісі (гексафторид ураны) бойынша иранның мөлшерін ұлғайту процесінің бүгін, 5 маусымда басталатыны хабарланған», дейді аталған агенттік. Камалььванди, Иранның уранды байыту ісінде пайдаланылатын центрифут өндірісін жеделдету мүмкіндігі бар екенін де айтты. Бұдан бұрын да Иранның Жоғары лидері Әли Хаменеи егер 2015 жылы қол қойылған ядролық келісім АҚШ-тың шығуымен ақсайтын болса, Иранның Атом энергия жөніндегі Ұйымының уранды байыту дайындығын тез арада бастауына бұйрық берген еді.
Естеріңізге салсақ, 2015 жылы Иран мен "алтылық" (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Қытай және Ресей) елдері ядролық бағдарлама бойынша тарихи келісімшартқа қол қойып, нәтижесінде Теһранға (Тегеранға) қатысты санкциялар жеңілдетілген еді. Сонымен қатар, Иран қаруға қолданылатын плутонийді шығармауға, 15 жыл бойына 3,67%-ға дейін байытылған уранның 300 кг-нан аспайтын мөлшерін ұстауға, ядролық нысандарды қайта жабдықтап, оларды тек бейбіт мақсатта пайдалануға міндет алған болатын. Ал, бәрімізге белгілі, үстіміздегі жылдың 8 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасынан шығатынын және ирандық режимге қарсы жаңа санкциялар салатынын мәлімдеген еді. Трамптың бұл шешіміне ЕО елдері мен Ресей қарсы шыққан болатын.