Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) сүриялық босқындар үшін міндеттелген жәрдем ақшалардың тек 20 %-ның ғана жиналғанына назар аудартып, «шұғыл» түрде көмек керек екенін хабарлады. Бұл туралы «yeniakit.com.tr» агенттігі хабарлайды.
Сүриялық босқындар үшін құрылған бюджеттегі ақшаның азайғанын айтып дабыл қаққан БҰҰ, «донор» елдерді тез арада көмек көрсетуге шақырды. Ұйымның хабарлауыша, жиналады деп есептелген 4 миллиард 400 мың доллардың тек 20 %-ы жиналған.
Осы бейсенбі күні Иорданияда жасалған мәлімдемеде сүриялық босқындардың азық-түлік, білім, денсаулық және қолма-қол ақша сияқты қажеттіліктері өтеліп отырған көмек бағдарламадарында қаржылық қиындық пайда болғаны білдірілді. Мәлімдемеде аймақтық тұтастық пен босқындар жоспары аясында 2018 жыл үшін 5 миллиард 600 миллион доллар қажет болғанын ескертілді. Жоспар аясында көрші елдер Иордания, Ливан, Ирак, Түркия және Мысырдағы сүриялықтар негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі деп күтілген.
БҰҰ Босқындар ісі жөніндеі Жоғары комиссариатының Орта Шығыс пен Солтүстік Африка бағытындағы директоры Амин Авад, жиналған 20 % көлеміндегі қаржының жеткіліксіз екенін, азаматтық соғыстың аяқталуына қатысты қандай да бір саяси шешім табудың өзіне қаржы керек екенін тілге тиек етті.
БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда, Сүриядағы азаматтық соғыс басталған 2011 жылдан бүгінге дейін шамамен 5 миллион 600 мың адам көрші елдерге бас сауғалаған. Ал, 6 миллионға жуық сүриялық ел ішінде қашып күнелтуде екен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді