Ресей Instagram әлеуметтік желісін бұғаттауы мүмкін – деп хабарлайды РБК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастыркин 2017 жылы Санкт-Петербург қаласында Instagram арқылы террорлық шабуыл ұйымдастырылғанын алға тартып, әлеуметтік желіні бұғаттауды ұсынған. Ол өз сөзінде: «Былтыр Санкт-Петербург метросына жасалған лаңкестік шабуыл дәл осы Instagram арқылы ұйымдастырылған. Ал біз оны әлі күнге дейін бұғаттай алмай отырмыз. Сайттарды бұғаттау жұмыстары ұзақ уақыт алады. Сол себепті аталмыш мәселені қысқа уақыт ішінде оңтайландыруымыз қажат» - деген.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың маусым айында Ресей Федералды қауіпсіздік басқармасы «Санкт-Петербург метросында болған террорлық шабуыл Telegram әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырылған» - деп мәлімдеген. Осыдан кейін көп ұзамай Ресей аумағында Telegram әлеуметтік желісіне шектеу қойылған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?