Енді үшінші тұлғалардың анықтама алуы яғни мекен-жай анықтамасы, сотталғандығы немесе сотталмағандығы жөніндегі анықтама, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамаларды алу мобильді азаматтар үшін қол жетімді болмақ.
Халыққа Қызмет Көрсету орталықтарына күнделікті анықтамалар алу мақсатымен көптеген азаматтар жүгінеді. Қарапайым электрондық анықтамалар жиі жұмыс орындары мен оқу орындары, яғни, білім мекемелері мен әр түрлі ұйымдардан сұралады. Өз кезегінде бұл орталықтардағы қызмет алушылардың санын да арттырады. Осы туындаған мәселені шешуді көздейтін, үшінші тұлғаларға анықтамалар беру қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетуге бағытталған. Ұйымдардың электронды-цифрлық қолтаңбасымен электрондық портал арқылы азаматтарға сұраныс СМС түрінде жіберіледі, егер қарсылығы болмаса, оны СМС арқылы қайта растайды. Жауабы келген соң анықтаманы алу мүмкін. Бұл қызмет түрі бойынша жоғарда аталған 4 түрлі анықтаманы алуға болады. Мобильді азаматтар базасында тіркелу қызметті оңтайландыратындығын да атап өту керек.